Алматыда жер сілкінді

636
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Алматы тұрғындарына бүгін таңертең жер сілкінісі туралы ұлттық ескерту жүйесінен жаппай хабарлама түсті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Хабарламада:

«Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз орынға жасырылыңыз.
Дүмпулер аяқталған соң ғимараттан шығып, қауіпсіз қашықтыққа алыстаңыз!
Ресми органдардың нұсқауларын мұқият орындаңыз.
Қосымша ақпарат Алматы қаласы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады», - делінген.

Дүмпу Алматыдан 136 км қашықтықта, Қырғызстанда болған. Магнитудасы — 3.4 балл. 

Ескерту ұлттық төтенше жағдайлар хабарландыру жүйесі арқылы таралған.

Yorumlar
Diğer Haberler