Қазақстанға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін, 22 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«28-29 қазан күндері Қазақстан президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді. Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды»,–делінген хабарламада.
Еске салайық, 20 қазанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді.