Тоқаев қарсы алды. Әлиев сапармен Қазақстанға келді

627
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2bFhQ19kQd2fw4QpVasBfvagRxWD8E0eM2bkwBK1.jpg

Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан жеке өзі күтіп алды.

Сапар аясында ертең екі ел көшбасшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысын өткізеді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқылануы күтіледі.

Yorumlar
Diğer Haberler