Билікті қолдайтын ұйым Алла Пугачеваның зейнетақысын тоқтату бастамасын көтерді

1288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6rzRXaU5Rs1htFwRXXLpcL6pgc20CWCqEmHbhcy3.webp

Ресейде танымал әнші Алла Пугачеваның мемлекеттік зейнетақысын тоқтату туралы бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ұсынысты “Халық шақыруы” қозғалысының жетекшісі Сергей Зайцев көтерген. Ол Пугачеваны «елден кетіп, Ресей мүддесіне қарсы шыққан тұлға» деп атап, мұндай адамдардың мемлекеттен қаржылай көмек алуға құқығы жоқ екенін айтты.

“Ресейді мойындамайтын әрі оған қарсы шығатын адамдар неге мемлекет есебінен өмір сүруі керек?” - деді Зайцев.

76 жастағы Алла Пугачева шетелде тұрып жатқанына қарамастан, Ресейден зейнетақы алып келеді. Төлемдер оның банк картасына тұрақты түрде түсіп отырады, ал ел ішіндегі кейбір қаржылық мәселелерін сенімді өкілдері арқылы шешеді.

Алайда Ресей заңнамасы бойынша, азаматты зейнетақыдан айыру үшін тұрғылықты мекенжайын өзгерту, “шетелдік агент” деп танылу немесе қылмыстық іс қозғалуы негіз бола алмайды.

Бұл жағдай елде мәдениет қайраткерлерінің саяси ұстанымдары мен мемлекеттен алатын әлеуметтік төлемдер арасындағы шекара туралы пікірталас тудырды.

Yorumlar
Diğer Haberler