Зеленский мен Трамптың кездесуі. Украинаға зымыран беру туралы уәде болған жоқ

1207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Blxj9GVASNKQ74LB4mRUUaahmUt4fzKEvGFV4zJ5.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден кейін Ресейдің "Tomahawk" зымырандарынан қатты қорқатындықтан бейбіт келіссөздерге дайын кейіп танытып отырғанын, айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зеленскийдің сөзінше, кездесуде Украина мен АҚШ делегациялары әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу мәселесін талқылаған. Екі тарап та бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, америкалық өндірушілермен Украина мен басқа елдердің тапсырыстарын орындау мерзімдерін келісіп жатыр.

Алайда АҚШ тарапы Украинаға "Tomahawk" зымырандарын беру жөнінде нақты уәде бермеген.

«Алыс қашықтықтағы қару тақырыбы қозғалды, бірақ біз оны ашық талқыламауға келістік. Себебі АҚШ қақтығыстың ушығуын қаламайды», – деді Зеленский.

Ол сонымен қатар:

«Менің ойымша, Ресей "Tomahawk" зымырандарынан өте қатты қорқады. Бірақ олар зымырандардың өзінен емес, олардың украин қаруымен бірге қолданылуынан үрейленеді», – деп атап өтті.

Ал Дональд Трамп кездесуден кейін журналистерге пікір білдірмей, Флоридадағы резиденциясына ұшып кеткен. Кейін ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, кездесудің нақты нәтижелері туралы ештеңе айтпаса да, екі тарапқа да «өздерін жеңімпаз деп жариялауға» кеңес берген.

Айта кетейік, Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескенде Ресей тарапы "Tomahawk" қанатты зымырандарын Украинаға жеткізу туралы ықтимал шешіміне алаңдаушылық білдірген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler