Шерхан Қалмырзаға қажылыққа жолдама берілді

2947
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gZaZ6PkwEHLyJg0oF6UUNpWYgBglsYMnYS73jNii.webp

«Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қажылыққа жолдама сыйға тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Алматыда өткен тойлардың бірінде Шерханға Умра қажылығына арналған арнайы сертификат табысталған.

Бұған дейін жеке кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов жас спортшыға автокөлік сыйға тартқан болатын. Одан бөлек, Шерхан Қалмырзаға Ғылым және жоғары білім министрлігі білім грантын табыстаған.

Айта кетейік, «Қайраттың» жас қақпашысы Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы ойында тамаша өнер көрсетіп, қазақстандықтардың ықыласына бөлінген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler