Араб елдерінің басшылары Путиннің саммитіне қатысудан бас тартты

1508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Владимир Путин 15 қазан күні Мәскеуде өткізуді жоспарлаған алғашқы Ресей-Араб саммиті кейінге шегерілді. Бұған Араб мемлекеттері лигасына мүше елдердің басым бөлігі Ресей тарапының шақыруын қабылдамағаны себеп болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл саммит жыл ішіндегі маңызды сыртқы саяси оқиғалардың бірі ретінде жоспарланған. Кремль бұл кездесуді Ресейдің араб әлеміндегі ықпалын көрсетудің және АҚШ, әсіресе Дональд Трамп әкімшілігіне, Мәскеудің аймақтағы қолдауға ие екенін дәлелдеудің бір жолы ретінде қарастырған.

Алайда 22 шақырылған елдің көшбасшыларының тек бірнешеуі ғана қатысатынын растаған. Олардың қатарында Сирияның жаңа президенті Ахмед аш-Шараа мен Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Ахмед Абуль Гейт бар. Аймақтағы негізгі басшылар — Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман, БАӘ президенті Мұхаммед ибн Заид Әл Нахайян және Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси — шақыруды қабылдамады.

Кремль саммиттің кейінге шегерілуін Газадағы жағдайды реттеуге бағытталған "Трамп жоспарының" жүзеге аса бастауымен байланыстырды.

Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, Мәскеу бұл саммит алдағы уақытта міндетті түрде өтеді деп үміттеніп отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler