Саяси, экономикалық және басқа да реформалардың жүзеге асырылуының арқасында Қазақстан даму магистраліне, өсуінің жаңа траекториясына шықты.
Бұған дәлел – азаматтарымыздың спорттағы, ғылым мен білім саласындағы жетістіктері, жаңа өндірістердің іске қосылуы, ұлттық экономиканың өсім қарқыны және ауқымды инфрақұрылымдық жобалар.