Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қаза тапты

2184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q9jt2mfoT1ex24zQNyGHRyGW4gR1GKSuyAzzYYPE.jpg

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкер қаза тапты. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 7 қазанда болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған. Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Cұлтан Шынтеміров және Нұргелді Байыш есімді жас сарбаздар жындыханаға түскен еді.

Айта кетейік, елімізде әскер қатарында жүрген сарбаздардың өлімі жиілеп барады. Мәселен, 17 қыркүйекте Алматы облысында 19 жастағы сарбаз Дінмұхаммед Шынарбектің денесі табылды. Ресми нұсқа бойынша, ол өзін-өзі өлтірген делінген, алайда туыстары бұған сенбейді. Олар іске президенттің араласуын және тәуелсіз тергеу жүргізілуін талап етіп отыр.

23 қыркүйекте Жетісу гарнизоны десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамында мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқан сарбаз оқ жарақатынан көз жұмған еді. Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қорғаныс министрі бұл оқиғаны бақылауға алғанын мәлімдеді.

4 қазанда Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз үшінші қабаттан секіріп, ауруханаға түсті. Қызмет барысында дәрігерлер әскери қызметкерге "бейімделуінде ақауы бар" диагнозын қойған.

Ал 5 қазанда Алматы облысында Қарасай шекара бөлімінде әскерге кеткеніне бір апта болған сарбаз қаза болған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler