ШҚО-да ауыл әкімі тұрғындарға балағат сөз айтқан (ВИДЕО)

1609
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2AFoc5RhKEXEZlSTVXlhnvG1YeQiL48Mjp9aGzAp.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен кездесу барысында балағат сөздер айтқан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Видеодан ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның қызметіне қатысты сұрақтар қойғанын көруге болады. Әңгіме барысында тараптар арасында жанжал туындап, әкім өзін ұстай алмай, бейәдеп сөз айтқан.

7 қазан күні облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілгенін мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс.  Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы. Осы ретте, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертеміз»,—делінген хабарламада.

Yorumlar
Diğer Haberler