Алматыдағы BeWoman форумында Путинді мақтаған коуч қоғамның ашуын туғызды

1320
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xYwkVaznXNHTmu57NmERmcsTpTTT7jQB2dKxtnOP.webp

Алматыда өткен BeWoman әйелдер форумында ресейлік коуч Алексей Ситниковтың сөзі қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Форумды Forbes Kazakhstan тізіміне енген миллиардер Сергей Канның жұбайы Жанна Кан ұйымдастырған.

Қоғам белсендісі Арман Шораев Facebook парақшасында Ситников пен Жанна Канды Украинадағы «Миротворец» базасына енгізуді сұрап, олардың «Путинді қолдайтынын әрі соғысты ақтайтынын» жазды.

«Осы (Жанна Кан) Шенген аймағын тек телеарнадан ғана көре берсін», — деп жазды Шораев.

Іс-шара барысында Алексей Ситников Ресей президенті Владимир Путинді ашық мақтап, сөз сөйлеген. Ол Путинді «ерекше көшбасшы» ретінде сипаттағаны көптің ашуына тиді.

«Путинге қаншама рет шабуыл жасалды. 55 ел оған қарсы шықты, бірақ ол бәрібір жеңіп келеді. Трамптың оны қалай қарсы алғанын қараңызшы — ондай құрмет ешкімге көрсетілмейді», — деді ол.

Айта кетейік, ресейлік коуч Ситников өзін келіссөздер мен көшбасшылық бойынша сарапшы ретінде таныстырады. Ол 1990 жылдары саяси консалтинг саласында жұмыс істеп, Ресей мен шетелдегі сайлау науқандарына қатысқан. Қазір оның Instagram парақшасында шамамен 900 мың жазылушысы бар, алайда кейбір сарапшылар оны «жалған эксперт» деп атайды.

Форум ұйымдастырушысы Жанна Кан да бұған дейін қоғам тарапынан сынға ұшыраған. Ол жақында Салық кодексіне қатысты пікірінде:

«Қазақстандықтар жаңа Қаңтар оқиғасы болмас үшін көбірек жұмыс істеп, салық төлеуі керек», — деп, наразылық тудырған.

Yorumlar
Diğer Haberler