Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1503
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/z1fROjMKVZlzeHesWUQzcVEGVs3gMnq7CsXPRNpt.jpg

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Майлыбаев 2025 жылғы 3 қазаннан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ғани Майлыбаев 1987 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2010 жылы аталған оқу орнында «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Сонымен қатар, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған.

Кейінгі жылдары Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ Медеу және Наурызбай аудандары әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. Бұған қоса, Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы қызметін де атқарған.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеген.

Yorumlar
Diğer Haberler