Темірлан Анарбековке көлік сыйланды

1237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MdsKXpnteIyTN3UD2pwnBONmfz9405gbid8oOwKW.jpg

Алматылық "Қайраттың" UEFA чемпиондар лигасына шығуына себепші болған қақпашы Темірлан Анарбековке көлік сыйланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көлікті отандық сусын өндіретін компания халықтың атынан сыйлаған.

Компания бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Айта кетсек, Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ерекше көзге түсті. Ол кезде қақпашы "Селтиктің" пенальти сериясында үш допты қайтарған. Кейін қақпашы Темірлан "Ақтөбе" командасына қарсы ойында ауыр жараланып, "Реалмен" болған ойынға қатыса алмады.  

Yorumlar
Diğer Haberler