Журналист Шерхан Қалмырзаның әкесі туралы шындықты айтты

1744
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RtTYfGlbqeEbwEa5poHM2w5MD77RG3vGzjAdA4zr.webp

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның туған жері мен әкесі жайлы деректер жарияланды. Бұл туралы журналист Оралхан Дәуіт Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Журналистің мәліметінше, жас қақпашы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ертеректе ажырасып кеткен.

“Шерханның әкесі – Елдар. Ол жас кезінде боксқа ден қойып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Кейін журналистика саласында еңбек еткен. Қазіргі уақытта Астанада тұрады.

Футболшыға "Шерхан" есімінің берілуі де кездейсоқ емес. Өйткені Жуалы – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның туған жері. Осыған байланысты ел арасында Қалмырза мен Мұртаза әулетінің арасын туыстық та, жерлестік те байланыс жақындатады.

Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы – Шерағаңның туған жері. Лайым, Алла тағалам жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың туын көкте желбірете берсін", – деп жазды Оралхан Дәуіт.

Yorumlar
Diğer Haberler