Данна Қарағұсова. Экс-депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде ұшады

1369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fM5Uy9vA9kH8LAeqduSM2QrelLao3tCwK6pchPyu.webp

Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарақұсованың қызы Данна Қарақұсова Blue Origin компаниясының ғарыштық миссиясына қатысып, ғарышқа ұшатын алғашқы қазақстандық турист атанбақ, деп хабарлайды «Адырна».

Blue Origin компаниясының зерттеу миссиясы ғарышқа 8 қазанда аттанбақ. Осылайша Данна Карағұсова тарихта Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыш туристі атанады. Сонымен бірге Қазақстан атынан ғарышты бағындырған тұңғыш әйел болмақ.

Данна Қарағұсова бұған дейін ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан астам еңбек еткен. Ол медиа және ивент-холдинг - First Media Group-тың негізін қалаушылардың бірі.

«Қазір ол өзін-өзі реттеу саласындағы халықаралық IT-жобаға атсалысып жатыр. Ғарыш сапары осы зерттеу қызметінің бір бөлігі болмақ. Ғарышта ол өз командасы әзірлеп жатқан технологияларды жеке тәжірибесінде сынап көреді», - деп жазылған First Media Group-тың мәліметінде.

Данна Қарағұсованың өзі бұл сапар көптен бергі арманын орындау жолындағы бір баспалдақ екенін айтады.

«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Біз жаңа көкжиектерді игере отырып технологияларды дамытамыз және өз мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз. Мен үшін бұл сапары жылдар бойы еңбектенген арманымның бір бөлігі әрі зерттеу жобасының маңызды кезеңі», - дейді Данна Карағұсова. 

Blue Origin бүгін NS-36 миссиясының экипаж мүшелерін жариялады. Құрамда Данна Қарақұсовадан бөлек, Джефф Элгин, доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Виталий Островский және есімі әзірге құпия сақталған тағы бір қатысушы бар.

Айта кетейік, Данна Қарағұсова Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарақұсованың қызы, кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің бұрынғы әйелі, екеуінің ортақ 3 баласы бар. 
Бұған дейін Бейбіт Әлібеков Threads желісінде жаңалықпен бөлісіп, экс-әйелін мақтан тұтатынын айтқан болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler