Тағы да жол апаты. Павлодар-Қызылорда тасжолында бес адам қаза тапты

1401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда автожолында ірі жол апаты орын алды. Салдарынан жеңіл көліктегі төрт жолаушы мен жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Toyota Lucida» жүргізушісі жолда қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін жеңіл көлік өртеніп кеткен. Оқиға орнында болған бес адамның бәрі тірідей жанып кеткені айтылды.

Қазіргі уақытта апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 13-14 қыркүйекке қараған түні Қазақстанда болған екі ауыр жол апатынан 15 адам қаза тапқан еді.

Yorumlar
Diğer Haberler