Тағайындалған күні. Жамбыл облысы ПД бастығы қызметінен кетті

1294
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/n6lZqpAe22aNzmBiNxbv4531jRoycAMjKFZMq3Lq.webp

Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Малыбаев рапорт жазып, ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Бақытжан Малыбаев 2024 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысы ПД бастығы болып тағайындалған еді. Ол 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап ішкі істер органдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Ол 2016 жылдан бастап Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы болды. 2018–2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болып еңбек еткен. Ал 2019 жылдан бастап Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қарашасынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Көліктегі полиция департаментін басқарды.

Айта кетейік, тамыз айының соңында Жамбыл облысы ПД бастығының бұрынғы орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Оның қандай іске байланысты күдікке ілінгені әлі жарияланған жоқ. 

Yorumlar
Diğer Haberler