"Ақша керек". Қуат Хамитов мәжілістегі құттықтау туралы пікір білдірді

883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4PYjhvFmxbm9utlBAVDMwmUGxu638Vy9MZWWqpma.jpg

Мәжілістің депутаттарға мінберден аналарына құттықтау айтуға рұқсат бергеніне аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әзілмен жауап қатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы әлеуметтік желіде видео жариялап, депутаттардың әрекетін әжуалады.

«Ассалаумағалейкүм жігіттер! Мәжіліс депутаттарға мінберде анасын туған күнімен құттықтауға рұқсат беріпті. Менде барлық депутаттың нөмірі бар, қандай да бір құттықтау, туған күн, жаңа жыл немесе кез келген мерекемен құттықтауға рұқсат алып берем. Сборға ақша жоқ еді, бір-екі құттықтау айтқызып сборға барып келейін. Мынадай жаман залда дайындалып жүрміз, ақша керек еді», – деді Хамитов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми сауалын жолдамас бұрын анасын 70 жас мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler