Қазақстандық ұн алғаш рет АҚШ нарығына шықты

1287
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7xLljv0Yr4658CEmJoWDCDC97xSpaartegYWX0zm.jpg

Қазақстандық ұн алғаш рет АҚШ нарығына шығып, Нью-Йорк пен Чикаго қалаларындағы дүкен сөрелерінде сатылымға түсті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында  Global New York Chamber ofCommerce президенті Самат Өмірзақов пен Қостанай қаласындағы «Саламат» ЖШС, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен қазақстандық өнімді америкалық тұтынушыларға жеткізу жобасы іске асырылуда. Жоғары сапалы органикалық ұн өнімдері АҚШ-тың жетекші бөлшек сауда желілеріне, оның ішінде Walmart, Whole Foods, Amazon Prime  және басқа да ірі сауда орындарына жеткізілді»,—деп жазды Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы.

Бұл бастама Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімнің жаңа экспорттық мүмкіндіктерін ашуға жол ашпақ.

"Қазақстандық өнімдердің АҚШ нарығына шығуы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары әлеуетін көрсетеді. Біз «Product of Kazakhstan» белгісі бар өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын бағалайтын америкалық тұтынушылар тарапынан кең сұранысқа ие болатынына сенімдіміз," — деді  Global New York Chamber of Commerce президенті Самат Өмірзақов.

Yorumlar
Diğer Haberler