Қазақстанда қабірлерді картаға түсіретін Jerleu жүйесі іске қосылды

1631
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SiTlCUUPInsasEJK21UEgtPqmioV2N8OviroH737.jpg

Қазақстанда ата-бабаларға деген құрмет пен естелікті сақтауға бағытталған Jerleu атты цифрлы платформа пайда болды. Бұл сервис зираттарды цифрландырып, жерлеу орындарын картаға қосады және қабірлерді күтуге арналған онлайн қызметтерді ұсынады, деп хабарлайды “Адырна”.

Жаңа онлайн-платформада қазірдің өзінде мұсылман және христиан зираттарындағы 750 мыңнан астам жерлеу туралы мәлімет бар.

Jerleu.kz сайты тегін жұмыс істейді – порталға тіркелу жеткілікті. Платформа арқылы марқұмдарды аты-жөні, өмір сүрген жылдары, қаласы және жерленген орны бойынша іздеуге болады. Қазіргі уақытта Алматы мен Астанадағы барлық зираттар жүйеге енгізілген.

Жобаның авторлары бүкіл Қазақстан бойынша жерлеу орындарын цифрландыруды көздейді. Олар бұл жобаны коммерциялық емес, ата-баба рухына тағзым ретінде сипаттайды. Сонымен қатар, сайтта ақылы қызметтер де қарастырылған – мысалы, жақын туыстың қабіріне күтім жасауды онлайн тапсырыс беруге болады.

Yorumlar
Diğer Haberler