“Armani” брендінің негізін қалаушы 91 жасында өмірден өтті

1794
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ej7xWWoe0RRBzzln6oIwVly7GaOrcs5mBPBYPRZs.jpg

Әлемге әйгілі италиялық модельер, Armani сән үйінің негізін қалаушы Джорджо Армани өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол 4 қыркүйекте 91 жасында дүниеден өтті.

Армани – ХХ және ХХІ ғасырдың ең танымал дизайнерлерінің бірі. Оның аты италиялық сәннің символына айналды. Armani бренді сәнді киім, аксессуар, парфюмерия мен интерьер заттарын қамтиды.

Дизайнер соңғы күндеріне дейін шығармашылықпен айналысып, өз компаниясының жобаларын басқарды.

Қоштасу рәсімі Миландағы Teatro Armani ғимаратында 6–7 қыркүйек күндері өтеді. Ал жерлеу рәсімі отбасылық жағдайда өтпек.

Yorumlar
Diğer Haberler