СІМ Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MpcYvf5eoYTBBaoyoaMm9QGiIytuRRzHYVqqPqnb.jpg

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тараған мәлімет шындыққа жанаспайды.

«ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз», – деді Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде және кейбір ақпарат құралдарында Мұрат Нұртілеу мен бірқатар өзге тұлғалардың ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Кейіннен Дезинформациямен күрес орталығы да бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Біздің мәлімет бойынша, жалған ақпарат таратқандарға қатысты сотқа жүгіну мәселесі қарастырылып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler