Путин Зеленскийді Мәскеуде көруге емеурін танытты

1833
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6sgqNg2WV3r4EJYgSeVb45ZJ0rKULfDm9RAxChFi.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге келіссөздер жүргізуі үшін келуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Қытайға жасаған сапарының қорытындысы бойынша өткізген баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Зеленскиймен кездесуден ешқашан бас тартпағанын қайталап өтті.

«Дональд Трамп осындай кездесу өткізуімді өтінді. Егер Зеленский Мәскеуге келуге дайын болса, кездесу өтеді», – деді Путин.

Бұған дейін тамыз айында Путиннің осындай ұсынысы туралы AFP хабарлаған еді. Агенттіктің дерегінше, Ресей президенті бұл ойды америкалық әріптесі Дональд Трамппен Аляскадағы әңгіме барысында айтқан. Кейінірек агенттік Зеленскийдің кездесуден бас тартқанын жеткізді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler