«Нағыз сынақ». «Интер» президенті «Қайратпен» өтетін ойын туралы айтты

1010
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FfTjzPhEGUTboySJvEK11RJiKLwihvnhqrD9AUUs.jpg

Миландық «Интердің» президенті Джузеппе Маротта УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезең жеребесінің қорытындысына пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жеребеден кейін Маротта «Қайратпен» матчты өз алаңында өткізетіндеріне қуанышты екенін жеткізді.

«Біз «Қайратпен» өз алаңымызда ойнайтынымызға қуаныштымыз. Алматыға жеті сағаттық ұшу — нағыз сынақ. Мен көрдім, «Реалға» сол сапарға баруға тура келеді екен. Біз үшін «Қайратты» «Сан-Сирода» қабылдау әлдеқайда қолайлы», — деді ол.

Айта кетейік, 28 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының жалпы кезең жеребесі өтті. 

Yorumlar
Diğer Haberler