Астана маңында болған екі әуе апатына байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, әрбір әуе апатының себебі бір жыл ішінде толық тексеріледі.
"Дегенмен, Азаматтық авиация комитеті Авиация әкімшілігімен бірлесіп тексеру жүргізу туралы және тергеу мерзімінде осыған қатысты ұшақ иелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", — деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.