"Зинаны тоқтатпасақ, ДЦП болып туады". Блогердің жазбасы желіні шулатты

898
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NYjnLokoxtiimyC2siWsWblmITYLzSBs0VPewcHt.webp

Белгілі блогер әрі маркетолог Ақсұлтан Қалиевтің зинақорлыққа байланысты пікірі қоғамда үлкен сынға ұшырап, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалиев Threads желісінде зинақорлықтың салдарын сипаттаймын деп, ерекше балаларды да сөз етті.

“Зинаны тоқтатпасақ, ертең оннан тоғызы ДЦП болып туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та, әскер де жоқ, боқ та жоқ”, – деп жазды ол.

Оның бұл жазбасы көптің ашуына тиген. Алайда көп ұзамай блогер жазбасын өшіргенімен, скриншоттар тарап кетті. 

Көпшілік пікірінше, мұндай ой қоғамда ерекше қажеттілігі бар балалардың жағдайын одан әрі қиындатып, ата-аналарды қорлайды.
“Менің інім ДЦП-мен ауырады. Сонда оның ойынша, менің ата-анам зинақор ма?”, “Бұл пікір – нағыз надандық. Зина туралы пікірі өзіне, бірақ сырқат балаларды ата-анасының күнәсімен байланыстыру – өте сорақы”, – деп жазды желі қолданушылары.

Кейбіреулер блогерді дезинформация таратып, қоғамды адастыруда деп айыптады.

Блогер Ақсұлтан Қалиев өз жазбасына түсініктеме беріп, ойын дұрыс жеткізбегенін мойындады.

“Бұл – жеке бір ата-ананы немесе балаларды қаралау емес еді. Зина жайылған елде бұрын болмаған аурулар пайда болады деген пайымға негізделген ойымды жеткізгім келген. Ерекше балалардың ата-аналарын ренжіту ниетім болған жоқ. Контекст бұрмаланып кетті”, – деп ақталды ол.

Дегенмен желі қолданушыларының басым бөлігі блогердің түсіндірмесін жеткіліксіз деп бағалап, көпшіліктен кешірім сұрауын талап етті.

Yorumlar
Diğer Haberler