Перизат Қайраттың адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді

855
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MvScg9Fv03mAauqUyUD09CvIS5lEYC8DH7HcXgf2.jpg

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты елордалық сотқа апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін олар Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігі арқылы жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырды деп айыпталған болатын.

Адвокаттың айтуынша, шағымда сот үкімін жою және қорғауындағы адамдарды қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау талап етілген.

25 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайратты орташа қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыруға, «Шапағат» медалінен айыруға және он жылға қайырымдылықпен айналысуына тыйым салуға шешім шығарды. Анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды және оған да осындай тыйым салынды.

Тергеу мәліметінше, жиналған қаражат элиталы жылжымайтын мүлік, премиум-класс автокөліктер, зергерлік бұйымдар және әлемдік брендтердің аксессуарларын сатып алуға жұмсалған. Құзырлы органдар бұл мүлікті тәркілеп, Forte, Alatau City Bank (бұрынғы Jusan) және Kaspi сияқты ірі банк пен финтех-компанияларға шығынды өтеуге бағыттаған.

Қазіргі таңда апелляцияның қашан қаралатыны белгісіз. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler