Қазақстанға әлемдік супержұлдыз Шакира келуі мүмкін

4564
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RmQJqzZf6wk6tipaqLmSnTjtfFLNWvv9P0LG9h9r.webp

Қазақстанға әлемдік супержұлдыз Шакира келіп концерт қоюы мүмкін. Бұл туралы Дженнифер Лопестің Астанадағы концертін ұйымдастырған қазақстандық продюсер Мәлік Хасенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Мен сіздерге кішігірім құпияны ашайын. Біз онымен (Шакирамен — ред.) келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұйырса күзде белгілі болады. Жаңалық күтіңіздер", - деді ол.

Еске сала кетейік, 1 тамызда Астанада әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өткен болатын. 10 тамыз күні ол Алматыда өнер көрсетеді. Сондай-ақ қыркүйек айында Астана мен Алматы қалаларында Backstreet Boys тобының концерттері өтеді деп күтіліп отыр.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан еді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler