"1-2 күн ішінде оны табады деп сенеміз..." Сорбұлақтағы апат

1952
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HW3KN1n8As42p41ctkEg8aXSeq9zwNgWQkuiqEIm.jpg

Вице-министр Сорбұлақ су қоймасы маңында жоғалған EC-145 тікұшағын іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Қарулы күштердің тікұшағы жоғалғаны жөнінде хабарлама түскен бойда Алматы қаласынан ТЖМ-нің екі тікұшағы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Аумақты шолу барысында тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін бөлшектер табылды. Қазіргі таңда Сорбұлақ су қоймасы маңында іздестіру жалғасып жатыр. Негізгі жұмысты қорғаныс министрлігі атқаруда, біз де көмектесіп жатырмыз. Алдағы 1-2 күнде тікұшақты табамыз деп үміттенеміз", — деді вице-министр.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler