Перзентханаға түнгі шабуылдан қаза тапқандар бар, 22 адам зардап шекті

1475
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tMRXWdhwyw2rTqkrgPFlAeSiAj2THpXtJUYv7EUt.jpg

Украинаның Днепропетровск облысының Каменское қаласында түнгі шабуылдан зардап шеккендердің саны 22 адамға жетті. Үш адам қаза тапты, оның ішінде жүктілігіне жеті ай болған әйел де бар. Бұл туралы Днепропетровск облысының Әскери әкімшілігі мәлімдеді,деп хабарлайды “Адырна”.

Жарақат алғандар арасында 10-ға жуық медициналық қызметкер бар. Шабуылдан перзентхана мен қалалық аурухана зардап шекті.

Үш адам қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, олардың бірі - 23 жастағы Диана, ол жүкті болған.

Құтқару қызметтері әлі де қирандыны тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler