Ақтөбеде мешіт ішінде қызға «бірреттік неке» ұсынған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

3646
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NrSzGhqDB6wrswyRIdoaMlwdNABThBVmUxBy7CxV.jpg

Ақтөбеде мешіт ішінде қызға «бірреттік неке» ұсынып, әдепсіз сөздер айтқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 25 шілде күні «Нұр Ғасыр» мешітінде болған. Белгісіз ер адам қыздың жолын бөгеп, оның мешіттен шығуына кедергі жасаған. Аталған оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.

«Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілетін болады»,—деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік блогер Эммануэлла Наурызбаева мешітте қолайсыз жағдайға тап болғанын айтқан еді.

Yorumlar
Diğer Haberler