Ресей Украинаға жаппай шабуыл жасады. 2 адам қаза тауып, 15 адам жараланды

1518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7E1DpgQadMWeAHU8NRwbVuUqzooGksI4hIHSiIMv.jpg

Дүйсенбіге қараған түні Ресей  әскері Киевке және Украинадағы басқа да қалаларға жаппай шабуыл жасады. Украина президенті Владимир Зеленский екі адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ивано-Франковск қаласының билігі бұл соғыс басталғалы бергі ең ауқымды шабуыл болғанын айтты.

"Ресейдің соққылары адамзатқа қарсы бағытталған. Киевте балабақша, тұрғын үйлер мен басқа да азаматтық инфрақұрылымдар өртенді. Харьковте, Ивано-Франковск қаласында және осы облыста қарапайым тұрғын үйлер қирады. 15 адам жарақат алды, олардың ішінде ең кішкентайы – 12 жаста. Барлығына көмек көрсетіліп жатыр. Екі адам шабуыл кезінде қаза тапты", — деді Украина президенті Telegram-арнасында.

Украина әуе күштерінің мәліметінше, дүйсенбіге қараған түні Ресей 450 әуе шабуылы құралын қолданған. Олардың ішінде 426 ұшқышсыз ұшу аппараты бес «Кинжал» аэробаллистикалық зымыраны, төрт «Калибр» қанатты зымыраны, 14 Х-101 қанатты зымыраны және бір «Искандер» қанатты зымыраны бар.

Ресей тарапы бұл шабуылға қатысты түсініктеме берген жоқ. Украина билігінің айтуынша, шабуылдың негізгі нысандары Киев, Ивано-Франковск және Харьков болған.

Еске салайық, Украина астанасына бұндай ауқымды шабуыл соңғы рет 4 шілдеде жасалған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler