Әйелін ұрып, видеоға түсірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

871
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/politsiya-usilenie.jpg

Алматы облысында ер адам әйелін қатыгездікпен ұрып-соғып, бұл әрекетін видеоға түсірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жәбірленуші – Асиям есімді әйел – оқиғаның видеожазбасын әлеуметтік желіде жариялап, шабуылдың егжей-тегжейін баяндаған. Оның айтуынша, күйеуі нашақорлықтан зардап шегетін көрінеді.  

Күйеуі оны тұншықтырып, басынан және бетінен соққы жасап, шашынан сүйреп жұлқылаған. Салдарынан әйелдің мұрны сынған, құлағы жарақаттанып, денесінің бірнеше жеріне қанталаған іздер түскен.

«Мен бұл нашақорды кешірмеймін. Ол мені өлтірсе де, туыстарыма бәрібір сияқты. Тек сыныптастарыма үлкен рахмет – тек солар мені құтқарып қалды. Шелек ауруханасы мен полициясы мені бір-біріне сілтеп, қайта-қайта қуып жіберді. Таң атқанша көшеде сандалып жүрдім», – деп жазды жәбірленуші.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция өкілдері

Yorumlar
Diğer Haberler