Павлодарда көлік жотадан құлап, бес адам жарақат алды

1142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KBAIfq4b6N8kgEry86EeOvLbnN73LqdIVlYj6kIB.webp

Павлодар облысындағы Жасыбай демалыс аймағында Hyundai Tucson маркалы автокөлік жотадан аударылып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнеден көліктің бұрылысты еңсеру кезінде төмен қарай сырғып, бірнеше рет аударылып кеткені байқалады. Бейресми ақпараттың мәліметінше, бұл оқиға 16 шілде күні болған.

Облыстық полиция департаменті таратқан ресми мәліметке сәйкес, жүргізуші бұралаң жолмен түсіп келе жатып рульге ие бола алмай, көлік еңіске қарай аударылып кеткен. Апат салдарынан бес адам зардап шекті: екі адам сол сәтте ауруханаға жеткізілсе, үшеуі кейіннен медициналық көмекке жүгінген.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1962 жылы туған әйелдің иығы мен мойын омыртқасы зақымданған. 1975 жылғы әйел адамда мойын омыртқасының көгеруі, қол жарақаттары болса, 1982 жылғы әйелде бас жарақаты мен кеуденің жабық жарақаты, омыртқасы сынған болуы мүмкін. Ал 2004 жылғы бойжеткенде шынтақ пен тізе маңындағы көгерулер, 2017 жылы туған баланың жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта 1982 жылы туған әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына, 2004 жылғы қыз облыстық ауруханаға, ал 2017 жылғы бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler