Әзербайжан министрлер атынан тараған мәлімдемелерге түсініктеме берді

1291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wHJ59OXPhZCfP56j6BRZPaeXT1gdQax82ylaZQ1i.jpg

Желіде Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрі мен Сыртқы істер министрінің атынан Беларусь ұшағының Ресей әуе кеңістігінде атып түсірілгені туралы ақпарат тарады. Елдің медиа дамыту агенттігі бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, жасанды интеллект көмегімен жасалған бұл жалған видеоматериалдар – қоғамды адастыруға бағытталған ақпараттық манипуляцияның айқын мысалы.

Билік өкілдері мұндай әрекеттерден сақ болуға шақырып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге үндеді.

«Қоғамды тек ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа сенуге, сондай-ақ мемлекеттің ресми ұстанымын білдіретін мәліметтерді елдің ақпарат агенттіктері мен басқа да кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алуға шақырамыз»,—делінген хабарламада.

 

Yorumlar
Diğer Haberler