Әзербайжан Ресейден импортталған өнімдерден қауіпті бактериялар тапты

1272
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C4l9nvW6vmYVRyWtQqqr9ZdBJQjiQ0SZn9kzZKgD.webp

Әзербайжанның Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі (АҚА) Ресейден импортталған пияз сақиналарынан патогенді бактериялар анықтады, деп хабарлайды “Адырна”.

Report агенттігіне АҚА-дан хабарланғандай, салмағы 639 келі болатын бұл қауіпті өнім «Мираторг-Запад» кәсіпорнында өндіріліп, Әзербайжанға «Мирторг» компаниясы арқылы жеткізілген.

Импортталатын азық-түлік тауарларына жоспарлы бақылау жүргізу аясында алынған үлгілерге жасалған зертханалық талдау нәтижесінде қауіпті микроағзалар табылған.

Әзербайжан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған қауіпті өнімнің бүкіл партиясын жою туралы шешім қабылданды.

Yorumlar
Diğer Haberler