Қазақ мұнайы тиелген бе? Ливия маңында танкер жарылды

1451
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/G5PuOu7Sb4Iz7xzVSWGkskUuOX350V3eJoHI3JKM.webp

1 млн баррель мұнай тиелген Vilamoura танкері Ливия маңында жарылды. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Ақпаратқа сәйкес, кеменің басқару бөлімі суға толған.Танкер Грекия жағалауына жеткізіледі. Шығын көлемі сол жерде есептеледі.

2025 жылғы сәуірдің басында ғана Vilamoura Ресейдің Усть-Луга портына кірген.

БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға сәйкес, оған қазақ мұнайы тиелген. Мамырда кеме Каспий құбыр желісі консорциумының терминалына тоқтаған. Новороссийск портында да оған қазақ мұнайы артылған.

TMS Tankers өкілінің хабарлауынша, жарылыс кезінде қоршаған ортаға лас зат төгілмеген. Экипаж мүшелері аман.

Vanguard Tech консалтинг компаниясының мәліметінше, жыл басында тағы төрт кеме жарылған. Олардың бәрі жақында Ресей порттарына кірген.

Yorumlar
Diğer Haberler