Бүгін, 23 маусымда Иран АҚШ-тың Қатардағы «Әл-Удейд» әскери базасына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жергілікті билік зымырандардың барлығы әуеде атып түсірілгенін мәлімдеді. Айтуларынша, зардап шеккендер жоқ.
Ал ирандық БАҚ 6 зымыранның база аумағына дәл тигенін жазды. Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Axios агенттігінің хабарлауынша, базаға барлығы 10 зымыран атылған. Бұл Иранның Израильге жасаған соңғы шабуылдарымен салыстырғанда әлдеқайда аз.
Иран қарулы күштері бұл қадамды «батыл шешім» деп атап, елдің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін бұзуға бағытталған ешбір әрекет жауапсыз қалмайтынын жеткізді.
Бұған дейін Иранның АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына шабуыл жасаған жазған едік.