Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды

1368
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eB4KpUJRBAueK9LoCzgjGILSaNnAkQq3qg3hr260.jpg

Елімізде сотталған 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Бұл туралы бүгін, 23 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай, құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы бастама көтерді.

Парламент тиісті заңды қарады, мен бұл заңға қол қойдым. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі»,—деді мемлекет басшысы.

Президент бұл қадамды жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажеттігін айтты.

Yorumlar
Diğer Haberler