«Алатау» дәстүрлі өнер театрында ғылыми конференция өтеді

3451
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/e8d317db-4027-4ad1-abb7-d25c46c6e54d.jpeg
Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 2022 жылдың 31 мамыр күні «Жаңа Қазақстандағы дәстүрлі өнердің театр сахнасындағы даму үдерісі» атты ғылыми-практикалық конференция (ofline) өтеді. Конференцияға өнертанушылар, театртанушылар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, режиссерлер, қоғам және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылады. Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің театр сахнасындағы даму үдерісінің көрінісін айқындау. Конференцияның бағыттары: Дәстүрлі өнердің негізгі айқындамасы, қазақ сахнасындағы дәстүрлі өнердің үлгілері, дәстүрлі өнер театрының даму үдерісі және т.б. мәселелер қарастырылады. Шара «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 31 мамырда сағат 15.00-де басталады. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Нұркент шағын ауданы, 6. Қапы қалмаңыздар!

Қуаныш Жұмабекұлы PhD докторы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Yorumlar
Diğer Haberler