Маңғыстаудағы мұнай кенішінде өрт болып, үш адам ауруханаға түсті (видео)

6132
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/05/maxresdefault-9.jpg
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 20 мамыр күні түнде "Комсомольское" кен орнында болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері хабарлағандай, оқиға салдарынан "М-Техсервис" ЖШС-нің үш қызметкері зардап шеккен. Жедел жәрдем авиациясы оларды таңғы 05:10-да түрлі дәрежедегі күйікпен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді. Денесінің 60 пайызын күйік шалған бір мұнайшы жан сақтау бөліміне, екі жұмысшы травматология бөліміне түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

http://www.qamshy.kz

Yorumlar
Diğer Haberler