Жайна Сламбек “Хабар” арнасының басшысы боп тағайындалды

5424
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/2473f44a-7a20-4426-b7de-ac102fc568ae.jpeg
Журналист Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры боп тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Бұл туралы Берік Уәли өз facebook парақшасында жариялады.
«Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды», — деп жазды ол Facebook-те.
Берік Уәли де жүрек жарды тілегін арнап, зор үміт күтетінін жазды.

“Адырна” ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler