• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Tag Archives: қазақ

    Tag Archives: қазақ

    Головкин қапшық қарсыласын екінші раудта құлатты (ВИДЕО)

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мамырдың 5-інде (Астана уақыты бойынша жексенбі күні таңертең) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен кездесудің екінші раундында америкалық Ванес Мартиросянды нокаутпен жеңді. Оқи отырыңыз: Головкин Мартиросянды екінші раундта құлатты Бұл 36 жастағы Головкиннің кәсіпқой бокстағы 38-жеңісі (34 кездесуін нокаутпен ұтқан). Осымен 39 рет жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы бұның алдында 2017 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен ...

    Read More »

    Батыс қазақты қытайдан сақтануға шақырды

    Батыс баспасөзі Қытайдың “Бір белдеу – бір жол” жобасының Астана үшін ықтимал қатерлері, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының жаңа қарыздары және Қазақстанның мигранттар қабылдайтын елге айналғаны туралы жазған. “БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ” ЖОБАСЫНАН ТӨНЕТІН ҚАТЕРЛЕР Жапониялық Nikkei газеті Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің аға ғылыми қызметкері Филипп Ле Коррдың “Қазақстан [“Бір белдеу – бір жол жобасынан”] әріге көз тастағаны жөн” деген мақаласын жариялады. Автор ...

    Read More »

    Қазақ болғаны үшін батыр атағын алмаған 100-ден астам азамат бар

    «Ұмытылған батырлар» жобасы аясында жаңа деректер табылды. Оған сәйкес, II Дүниежүзілік соғыс кезінде жүздеген қазақты Кеңес батыры атағына ұсынған. Аталған марапатқа екі рет ұсынылған жауынгерлер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлының айтуынша,  II Дүниежүзілік соғыстың тарихында әлі біраз ақтандақтар бар. Соның бірі – қазақ азаматтарының майдандағы ерлігі үшін лайықты марапатын ала алмағаны. «Оларды ...

    Read More »

    Елеусіновтың ендігі қарсыласы кім болады?

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 6 маусымда Лондонда өтетін болды. «Менің келесі жекпе-жегім Лондон қаласында 6 маусымда Йорк Холда өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады», – деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында. Еске сала кетсек, 29 сәуірде Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Оның америкалық боксшы Ноа Киддпен жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки ...

    Read More »

    Түлектердің 80 пайызы ҰБТ қазақ тілінде тапсырады – Әлімқұлов

    Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтуге бүгінгі таңда 96963 түлек өтініш беріп, олардың 73 мыңы қазақ тілінде тапсыруға бел буып отыр. Бұл туралы ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалады Министр Сағадиев түлектерді лимузинмен қыдыртуға көзқарасын білдірді Қазақстанда ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға 200 түлек өтініш берді ...

    Read More »

    Қытай неге қазақтан қауіптенеді?

    Өткен жылы осында “Қытайда Қазақ қаупі бар ма? ” атты постымды жазып болған соң іле-шала артынан сиямды құрғатпай “Қазақстан қытайдың стратегиялық тұзағына түсе ме” атты сараптамалық мақаламды жазып дайындап қойып едім, бірақ жұртқа жария етпедім. Оның себебі көп еді… Бүгін жарияланбаған дәл сол тақырыбым болмаса да көкейде жүрген бірер ойымды талқыға салмақшымын. Шыны керек, қытай әлі күнге дейін “қазақ қаупі” ...

    Read More »

    Моңғолиядағы қазақ ұшқышы

    Ұлан-Баторда тұратын ұшқыш Әуез Таштуанұлы дүниежүзіндегі ең ірі ұшақтардын бірін басқарады. 33 жылдық тәжірибесі бар маман Азаттықпен сұхбаттасып, авиация саласының қыр-сырымен бөлісті. Этникалық қазақтарының көпшілігі мал және ауыл шаруашылығымен шұғылданатын Моңғолияда авиация саласына еңбек сіңірген онға жуық қазақ бар. Олардың төртеуі – бір әулеттен шыққан. Таштуан әулетінен шыққан төрт ұшқыштың бірі – 55 жастағы Әуез Таштуанұлының айтуынша, оның бұл мамандықты ...

    Read More »

    Мирзоянның орнын Әлихан басты

    Ақтөбе қаласындағы Левон Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейхановтың атымен аталатын болды. Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның Азаттыққа хабарлауынша, бұл туралы шешімді 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдады. – Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдаған шешім алдағы 15 тәулік ішінде әділет департаментінде тіркелуі керек. Бұл жолы Ақтөбеде Левон Мирзоян көшесінен өзге идеологиялық тұрғыдан көнерген 25 көшенің атауы өзгерді, – ...

    Read More »

    Қазақ неге қамшысын қолынан тастамаған?

    Қазақ қамшыны тек қол қаруы мен қорғану үшін ғана ұстамаған, адамның тілі жетпейтін жерде жеткізетін сияқты қасиеттері де бар деп қастерлеген Соңғы кездегі әлеуметтік желідегі көптеген пікірталастан қазір қазақтың қамшысын ауызға алғанда алдымен әйелдің “жынын” қағатын құрал ретінде қабылдайтынын білідк. Алайда атам қазақ үшін қамшы – тек ер қаруы ғана емес, оның атқаратын қызметі әртүрлі болған. Қамшының қасиеті Ұлттық салт-дәстүрді ...

    Read More »