• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Tag Archives: алаш

    Tag Archives: алаш

    Мирзоянның орнын Әлихан басты

    Ақтөбе қаласындағы Левон Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейхановтың атымен аталатын болды. Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның Азаттыққа хабарлауынша, бұл туралы шешімді 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдады. – Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдаған шешім алдағы 15 тәулік ішінде әділет департаментінде тіркелуі керек. Бұл жолы Ақтөбеде Левон Мирзоян көшесінен өзге идеологиялық тұрғыдан көнерген 25 көшенің атауы өзгерді, – ...

    Read More »

    Міржақыптың туған ағасы Асқар Дулатов та саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі

    Қасіреттің қаны тамған шеңгелді кезеңнің от бүркуінен Дулатовтар шаңырағы үйітіліп, жойылғалы тұрды… Міржақып тағдыры белгілі… Шаңырағын жалғыз қызы Гүлнар ұстап қалды. Әкесі армандаған Тәуелсіздікті көріп, 97 жасқа қараған шағында өмірден озған Гүлнар апамның бір өкініші ішінде кетіп еді. Әкесінің туған ағасы Асқардың (1868-1933 ж.ж) Карелиядағы Майгуба лагеріне айдалғанын білгенімен, сүйегінің қайда қалғанынан бейхабар болатын. Тек атасының (туғанына биыл 150 жыл ...

    Read More »