• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Спорт » Зиданмен бірге Криштиану да “Реалға” оралмақ

    Зиданмен бірге Криштиану да “Реалға” оралмақ

    Мадридтік “Реал” Зинедин Зиданмен бірге Криштиану Роналдуды клуб сапына қайтармақ. Бұл туралы  eurosport.ru  сайты болжам жасауда. Зизудың келуі Роналдудың оралуына өте сәтті қадам деп есептейді.

    Зидан “Реалға” қайтып оралмай тұрғанда, көпшілік оны “Ювентустың” бапкері болады деп болжаған болатын

    Бүгінде туриндік команданың жейдесін киіп жүрген Криштиану Роналду сұхбат беріп, француз бапкерімен қайта ойнауға қарсы емес екенін білдірді.

    Зидан “Реалға” қайта оралу туралы ұсынысты бірден қабылдамады.

    Француз жазда келеді деп күтілген болатын. Оның да өз себебі бар. “Реалдың” экс-бапкері мадридтік команданы басқаруға келіспес бұрын, клуб президентіне бірнеше шарт қойған.

    Олардың қатарына алдағы уақытта өзіне керек емес ойыншыларды сатып, орнына жаңа күш алдыру.

    Сонымен қатар, Зизудың Флорентино Переске қойған басты талабы – сүйікті ойыншысы Криштиану Роналдуды “Реалға” қайтару болып шықты.

    Eurosport басылымының жазуынша, “Ювентус” сәтсіз ойыны салдарынан чемпиондар лигасынан ұшып кетсе, Роналдудың Мадридке оралуы әбден мүмкін.

    Себебі, туриндік клуб қашанда ойыншысын жақсы сомаға сатып жіберуге кет әрі емес.

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Шотландия бапкері Қазақстанға келетін ойыншылар тізімін бекітті

    Басты жұлдызы, әрі капитаны ағылшынның “Ливерпуль” командасындағы Эндрю Робертсон. Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш ...