• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Спорт » Жәнібек тағы да жеңді

    Жәнібек тағы да жеңді

    Қазақстандық боксшы 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіске жетті деп хабарлайды vesti.kz сайты. Ол АҚШ-тың Фриско қаласында (Техас штаты) өткен бокс кешінде 28 жастағы Стивен Мартинеспен кездесіп, жеңіске жеткен. Сегіз раундтан тұрған жекпе-жек бесінші раундта аяқталған.

    Бұл – Қазақстан боксшысының кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі, оның үшеуі АҚШ-та өткен.

    Әлімханұлы әуесқой бокста жүргенде 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарына қатысты. 2016 жылы Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал 2018 жылдың маусымда АҚШ-тағы Top Ring проумоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан.

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

    Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды. Қазақстандық Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингте мексикалық ...