• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Спорт » Алматыда Журналистер доп теппек

    Алматыда Журналистер доп теппек

    Алматыда футболдан  Журналистер Лигасы басталды. Көптен күткен бұл жарыс бұрынғылардан өзгеше. Өйткені, қатысушылардың барлығы нағыз қалам ұстағандар. Сырттан “кірмелер” жоқ.
    Бір ерекшелігі, командалар “соқыр жеребе” арқылы таңдалды. Жанарбек Әшімжан, Жандос Айтбайұлы, Есей Жеңісұлы, Ақын Ордабай, Шоқан Маханов, Срайыл Смайыл бастаған қазақ журналистикасының серкелері, жеребе бойынша түскен ойыншыларға қанағат қылды. Жүзге таяу журналист доп тебетін бұл доданың бәсі де жоғары болмақ. Сондай-ақ алаң төрінен айтыстың қазіргі жұлдыздарын да көріп қаласыздар.  Алдағы жексенбі бірінші тур ойындары өтеді. 

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Шотландия бапкері Қазақстанға келетін ойыншылар тізімін бекітті

    Басты жұлдызы, әрі капитаны ағылшынның “Ливерпуль” командасындағы Эндрю Робертсон. Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш ...