Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу болды

2093
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік салют болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашу қаланың үш нүктесінде атылды:

- Ботаникалық бақтың аумағы;

- Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жағалауы; - Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы.

Айта кету керек, Тәуелсіздік күнін мерекелеу әлеуметтік нысандардың ашылуымен қатар жүреді: 20 мыңнан астам оқушы орнына есептелген жеті мектеп, 2,5 мың әлеуметтік пәтерге 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (Қолжетімді тұрғын үй), үлескерлердің 2 мың 400 отбасына 9 үлестік құрылыс нысаны.

 

Комментарии