Ақтауда 12 жасар бала кәріз құдығына құлап, қайнаған суға күйіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Inaktau.kz хабарлағандай, құдықта ыстық бу араласқан қайнаған су болған, сондықтан баланың екі аяғы күйіп қалған.
Күйіктің ауданы дәрігерлердің айтуы бойынша 10-15% құрады.
"Бала анасының жанында болды. Олар дереу облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таңғыш салып, жараны таңды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол травматология бөлімінде", дейді дәрігерлер.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
НПП «Атамекен» совместно с холдингом «Байтерек» запускают проектные решения для агро-индустриальных зон и промышленных кластеров
