Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының III кезеңі бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде

3325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/c090b36c-7f36-47f3-84b3-b818bc34f280.jpeg
Қала әкімі Д.Қонаев даңғылы жалғасының ІІІ кезеңінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі құрылыстың жалпы ұзындығы – 0,561 шақырым. 6 жолақты көшенің ені – 42 метр. Жауапты мердігер мекеме – «КазахДорСтрой» ЖШС. Бүгінге дейін игерілген қаржы – 691,0 млн теңге. 2021 жылға қаралғаны қаржы көлемі 3 975,3 млн теңге: республикалық бюджет – 500 млн, жергілікті бюджет – 50 млн теңге. Сондай-ақ, 42 учаске бойынша жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қайтарылғаны – 24, сотқа жолданғаны – 8, бағаланғандары – 6. Қазіргі таңда айналма темір жолын (745 м), кәріз құбырын салу (948 м), кабель желілері (3,4 шақырым), бағана орнату (24 дана), жер жұмыстары - (5 500 текше метр), жер асты жаяу өткелі (2 дана), свай құю (17 дана), үйлерді сүру жұмыстары (3 дана) орындалды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 
Комментарии